Аудан бойынша 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін ауданның елді мекендеріне келген тапшы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласы бойынша - 96 маман, білім беру саласы бойынша - 164 маман, спорт саласынан - 8, мәдениет саласынан -4 және агроөнеркәсіп кешен саласынан - 6 маман, мемлекеттік қызметші-1 маман барлығы 279 маман әр қайсысына 2019 жылға дейін 70 еселік айлық есептік көрсеткішке тең, 2019 жылдан бастап 100 еселік есептік көрсеткішке тең, жалпы сомасы 56 млн. 140 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы алды. Ал тұрғын үй сатып алу үшін денсаулық сақтау саласынан -41 маман, білім беру саласынан -108 маман, спорт саласынан - 6 маман, мәдениет саласынан - 5 және агроөнеркәсіп кешен саласынан - 5 маман, мемлекеттік қызметші-1 маман барлығы 166 маман жалпы сомасы 543 млн. 032 мың теңге көлемінде он бес жыл мерзімге 0,01% пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие рәсімделіп, пәтермен қамтамасыз етілді. Соның ішінде өткен жылы көтерме жәрдемақы 11 маманға 4 млн. 061 мың теңге, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие 3 маманға 27 млн. 460 мың теңге қаржы игерілді.
2025 жылға көтерме жәрдемақы 10 маманға 3 млн. 932 мың теңге, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие 5 маманға 45 млн. 218 мың теңге жоспарлануда.
2023 жыл 1 сәуірден бастап «Отбасы банк» АҚ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың азаматтарға кредит беруі бойынша «Дипломмен - ауылға!" бағдарламасының операторы болып табылады. Сондай-ақ бағдарлама толығымен цифрлық форматқа ауыстырылды. Осыған байланысты барлық өтінім otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданады.
Бағдарламаға ауылдық жерлерде өмір сүру үшін және бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істеу үшін келген қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес алдағы кезеңге Тізбе қалыптастырылып, ол аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылды.
"Дипломмен ауылға" жобасына қатысуға өтінім беру үшін алдымен otbasybank.kz порталында тіркелу қажет. Одан кейін электронды-цифрлық қолтаңбамен өтінімге қол қою қажет.