Отандастарымыздың зейнетақы активтері бір жыл ішінде 4,18 трлн теңгеге артты

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Отандастарымыздың зейнетақы активтері бір жыл ішінде 4,18 трлн теңгеге артты

 

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинағы22,68 трлн теңгеденасты. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері шамамен4,18 трлнтеңгеге (немесе 22,6%)артты.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқанзейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 наурызына 21,71 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 21,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,3%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (42,8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі –8,14 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 310,13 млрд теңгеден асты.

Кіріс

2025 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына 497,33 млрд теңгеден аса зейнетақы жарнасы түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім19,9% немесе 82,46 млрд теңгеге артық).

МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.03.2025 жылға дейін шамамен 416,04 млрдтеңге(бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық) түсті, МКЗЖ  - 22,41 млрд астам теңге (өсім 10,8%), ЕЗЖ – 600,34 млн теңге (өсім 17,2%).  2025 жылдың 2 айындағы ЖМЗЖ  көлемі – 58,28 млрд теңге.

 

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен260,32 млрд теңгеденасты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 129,49 млрд теңгеге немесе 99%көп.

Шамамен 157,89 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 36,98 млрдтеңгеден асады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18,8% жоғары.БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем –35 616 теңге.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 11,93млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – шамамен 5,99 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер –551,18 млнаса теңге, жерлеуге төлемдер – шамамен 1,85 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен45,13 млрд теңге аударылды.

 

ЖЗШ саны

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,36 млн бірлік. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 наурызына  12,53 млн бірлікке жуықтады. Оның ішінде: 11,16млн - МЗЖ бойынша, 724,04 мыңы - МКЗЖ бойынша, 444,64 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -4,83 млн бірліктен асты. 

 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинағы22,68 трлн теңгеденасты. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері шамамен4,18 трлнтеңгеге (немесе 22,6%)артты. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқанзейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 наурызына 21,71 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 21,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,3%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (42,8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі –8,14 млрд теңге. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 310,13 млрд теңгеден асты. Кіріс 2025 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына 497,33 млрд теңгеден аса зейнетақы жарнасы түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім19,9% немесе 82,46 млрд теңгеге артық). МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.03.2025 жылға дейін шамамен 416,04 млрдтеңге(бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық) түсті, МКЗЖ - 22,41 млрд астам теңге (өсім 10,8%), ЕЗЖ – 600,34 млн теңге (өсім 17,2%). 2025 жылдың 2 айындағы ЖМЗЖ көлемі – 58,28 млрд теңге.
Дата публикации
03 апреля 2025