Сұрақ-жауап:
- "Ұлттыққор - балаларға" бағдарламасы бойынша ақшаны қалай және қашаналуғаболады?
" Ұлттыққор - балаларға" бағдарламасыбойыншанысаналыжинақтардыпайдалануқұқығыҚазақстанРеспубликасыныңазаматы болып есептелетін балалар 18 жасқатолғаннанкейінғанатуындайды.
18 жастағы қазақстандықтар осы қаражатты пайдалана алатын екі мақсат бар: тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім алуға ақы төлеу.
Нысаналы жинақтардыкәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы, БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы, eGov mobile электрондық үкіметінің ұялы қосымшасындағы өзінің жеке кабинетінде өз бетінше тексере алады..
- "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша жинақталған қаражатты білім алу немесе тұрғын үйге пайдалану бойынша қандай нұсқаулық бар? Қаражатты таңдалған мақсаттарға пайдалану үшін қайда жүгіну керек және не істеу керек?
Осы қаражатты пайдалану үшін бағдарламаның кәмелетке толған қатысушысы уәкілетті операторларға(бұдан әрі-УО)жүгіне алады. Онда БЖЗҚ-дан оның нысаналы жинақтары(бұдан әрі-НЖ) АҚШ долларымен аударылатын банктік шот ашуға болады. БЖЗҚ-мен келісім жасасқан және "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін уәкілетті операторлардыңтізімі kids.enpf.kz сайтындағы «Бағдарлама туралы» бөлімінде орналастырылған. .
Қадамдық әрекеттер алгоритмін келесідей ұсынуға болады:
- 18 жасқа толған бала (НЖ алушы) не оның заңды өкілі (нысаналы жинақтар алушының әрекет қабілеттілігі шектеулі болған жағдайда) БЖЗҚ-дан, оның ішінде БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы рұқсат етілген мақсаттарға пайдалануға болатын нысаналы жинақтар сомасы туралы ақпаратты дербес алады.
- НЖ алушы (не оның заңды өкілі) НЖ алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашатын уәкілетті операторға (НЖ) жүгінеді және УО-ның интернет-ресурсы не ұялы қосымшасыарқылы НЖ төлеміне онлайн-өтініш береді.
- Өтініш беру үшін интернет-ресурста немесе УО ұялы қосымшасында авторлану және өз жеке кабинетіңізді ашу қажет. Онда доллармен банктік шот нөмірін, НЖ төлемінің сомасын және пайдалану мақсатын көрсете отырып, ЭЦҚ куәландыра отырып немесе динамикалық сәйкестендіре отырып, НЖ төлеміне онлайн-өтінішті толтыру қажет.
- УО төлемге өтінішті және нысаналы жинақтар алушысы немесе оның заңды өкілі берген құжаттарды қарағаннан және мақұлдағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға тіркелген төлемге өтініш туралы электрондық хабарлама жібереді.
- БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оған өтініште көрсетілген нысаналы жинақтар төлемінің сомасын кейіннен нысаналы жинақтар ашқан НЖ алушының АҚШ долларындағы банк шотына есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, бас тарту туралы хабарлайды.
- НЖ алушысы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде НЖ төлемдерін мақсатты пайдалануды растайтын құжаттарды УО-ға ұсынады.
- УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексереді және НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.
- НЖ алушы немесе оның заңды өкілі құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, нысаналы жинақ шотындағыНЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Егер алушы өзінің нысаналы жинақтарына кәмелетке толған күнінен бастап 10 жыл ішінде жүгінбесе, онда бұл қаражат БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы шотына аударылады.
Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткендер Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.
Нысаналы жинақ алушы қайтыс болған жағдайда, бұл қаражат заң шеңберінде мұраға қалдырылады.
Бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулар алуға, қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды kids.enpf.kz сайтынан және БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан алуға болады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейінгі және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейненұсқаулық БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында мына сілтеме бойынша орналастырылғанын атап өтеміз:
https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM