Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 5 қызмет түрі көрсетіледі.
1) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
3) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
4) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
5) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату.
Есепті мерзімде округ әкімі аппараты арқылы барлығы - 63 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
1) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру-0.
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 6.
2) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 53.
4) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 4
5) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату - 0
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 5.
Мемлекеттік қызметтер электронды үкімет вэб порталы арқылы көрсетіледі.
Есепті кезеңде Елтай ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтердің электронды түрде көрсетілуін насихаттау бойынша 5 жиын өткізді.
Есепті кезеңде округ әкімі аппаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы электронды түрде - 238 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді. Мерзімінен кешіктірілген қызметтер болған жоқ. Сонымен қатар ғимаратта қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған. 2024 жылдың қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.
Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен қағидаларынан ақпараттық стенділері орнатылған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
«Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі