2020 жылдың 9 айы бойынша Индер ауданы әкімдігіне
қарасты мемлекеттік органдармен көрсетілген
мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және электронды түрде көрсетуге көшу бағытында Индер ауданы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Индер ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы 104 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 9 айдың қорытындысымен – 10666 қызмет көрсетілді, соның ішінде қағаз түрінде - 1203 (11,2%), баламалы түрде - 318 (3%), ХҚКО арқылы - 1710 (16%) мемлекеттік қызмет көрсетілсе, ал электрондық түрде - 7435 (69,7%) («Электрондық үкімет» веб – порталы – 1055 (9,8%), «Е-Лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры арқылы – 261 (2,4%) және қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы 6119 (57,3%) көрсетілді.
2020 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімінен кешіктірудің 2 фактісі тіркелді. Атап айтқанда, «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» қызметі (Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты, А.Рамазанов «ескерту»), «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметі (Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Л.Қуанышева «ескерту»).
Ауданда мемлекеттік қызметтің түрлері бойынша қызмет көрсетуде басымдыққа ие – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, білім, денешынықтыру және спорт, жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы, ауыл шаруашылығы бөлімдері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42 тармағына сәйкес аудан әкімі аппаратымен - 8 ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Ішкі бақылау тексеру қорытындысымен жергіліктің атқарушы органдар басшыларына 11 ұсынымдар беріліп, орындалды.
«Жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті қолжетімді алу үшін ауданда 1 ХҚКО бөлімі жұмыс істейді. Алшақ елді мекендерді қамту үшін ай сайын мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы (М-ХҚКО) мамандары жұмыс істейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болатындығын тұрғындарға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Индер аудандық бөлімінің Мобильдік ХҚКО-ның сапарға шығу кестесіне сәйкес айына 2 рет Көктоғай, Өрлік, Есбол ауылдық округтерінің тұрғындары үшін қызмет көрсетіліп отыр.
Ағымдағы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету сапасын арттыру бойынша 268 іс-шара (оның ішінде семинарлар, түсіндіру жұмыстары – 56; аудан әкімдігінің веб – сайтындағы, аудандық «Дендер» қоғамдық – саяси үнжариясындағы мақалалар - 133; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» - 1, ауылдық округтерде, мекемелерде өткізілген «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатын үйретуші бейнероликтер саны – 52, Қоғамдық кеңес отырысы – 3, тікелей эфир - 23 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен аталған кезеңде – 2906 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұрғындарға түсіндіру, насихаттау және ақпараттандыру бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментімен дайындалған «Сіз мемлекеттік қызметтер алу кезінде өз құқықтарыңызды білесіз бе», «Пара беру бас бостандығыңнан айырады» атты 2500 дана брошюралары таратылды.
Индер ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Индер аудандық бөлімінің ғимараттарында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшіктер орналастырылған.
2020 жылдың 9 айында қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.
Аудан әкімі аппаратымен аталған кезеңде «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 15 қызметкер біліктілігін арттырды.
Индербор кенті және 6 ауылдық округ әкімі аппараттары ауыл тұрғындарына электрондық түрде қызметтер көрсету мақсатында соңғы үлгідегі компьютер, принтерлермен толықтай қамтамасыз етіліп, жұмыстар атқарылуда. Аталған кезеңде «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы «электрондық үкімет» веб-порталынан қызметтің 24 түрінен 2421 қызмет көрсетілді.
Аудан бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы хабардарлығын одан әрі жоғарылату, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу басты назарда қала бермек.