Индер ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын» басшылыққа ала отырып  БҰЙЫРАМЫН:

  1. Индер ауданы әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін қосымшаға сәйкес жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылсын.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылдың алты ай мерзімін қамтып, келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:
  • мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған Жұмыс тобымен 2024 жылдың 27 қараша - 9 желтоқсан аралығында әкім аппаратында ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Ішкі талдау нәтижелерін аудан әкімі аппаратының интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау және осы бағыттағы жұмыстарды атқару аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маман-заңгері С.Дюсенбиевке жүктелсін.
  3. Жұмыс тобы тиісті ішкі талдауды аяқтағаннан кейін, ішкі талдау туралы, нәтижелері және оларды жою бойынша қабылданған (қабылданып жатырған) шаралар туралы ақпараттар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолдансын.
  4. Осы бұйрықтың орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

 

                                                                                                                А.Сансызбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімі аппараты басшысының 2024 жылғы «____» _______________ №____  бұйрығына қосымша

 

 

Индер ауданы әкімдігі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобының құрамы

 

 

Сансызбаев Айболат

Саламатұлы

 

 

аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының жетекшісі;

Ерболатов Қуаныш

Маратұлы

 

 

аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы;

 

Бағытжанов Айдос

Бағытжанұлы

 

 

 

аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы;

Дюсенбиев Сәттібек

Жеңісұлы

 

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маман-заңгері;

 

Алдабергенова Гүлфия

Өтеуқызы

 

 

Халықова Аңсаған

Сүйеуқызы

 

аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы.

 

 

аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маман-есепшісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Индер ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

12 желтоқсан 2024 жыл                                                                                                                             Индербор кенті

 

Талданатын объект: «Индер ауданы әкімінің аппараты»                                                                                                      мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев көшесі, №12 үй.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, аудан әкімі аппараты басшысның 2024 жылғы 21 қарашадағы  №58 «Индер ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:

 

            1) Сансызбаев Айболат           -  аппарат басшысы, топ жетекшісі;

               Саламатұлы     

                         

           2) Ерболатов Қуаныш            -  ұйымдастыру және бақылау бөлімінің

               Маратұлы                               басшысы, топ мүшесі;

 

3) Дюсенбиев Сәттібек        -   Мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар                   Жеңісұлы                              және мемлекеттік қызмет көрсету   сапасын                                                                                  

                                                                      бақылау бөлімінің бас маман- заңгері, топ мүшесі;

 

4) Бағытжанов Айдос            -  аудан әкімі аппаратының персоналды

    Бағытжанұлы                        басқару қызметі бөлімінің басшысы, топ мүшесі;

 

5) Алдабергенова Гүлфия       -  аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің

    Өтеуқызы                             басшысы, топ мүшесі;

 

6) Халықова Аңсаған             - аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің

    Сүйеуқызы                           бас маман есепшісі, топ мүшесі;

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 

27 қараша – 9 желтоқсан 2024 жыл.

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

           Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мекеменің 2024 жылдың алты айы мерзіміндегі қызметін қамтиды және келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1) мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  2) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерін  анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.

         Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау

Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталды.

Ішкі талдау кезінде төмендегідей тәуекелдер анықталды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңының 29,30-баптарына сәйкес «Алтын алқа» алқасымен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi, ал «Күмiс алқа» алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған балалар да ескерiледi.

«Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқаларының Қазақстан Республикасының ордендерi мәртебесi болады.

Аталған марапат тәжірибеде құжатты кент және ауылдық округ әкімі аппаратарымен жинақталып, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметімен (бұдан әрі - Персоналды басқару қызметі) кандидаттардың  құжаттары ұсыныс ретінде облыс әкімі аппаратына ұсынылады. Қорытынды марапаттау шешімі комиссиясымен қабылданып, наградалар қайтадан персоналды басқару қызметіне табыстау үшін қайтарылады. Жергілікті атқарушы органдарда жергілікті мемлекеттік наградалар «Алтын алқа», «Күміс алқа» ұсыну тәртібі бойынша айқындау тәртібі, механизмі белгіленбеген.

  • «Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқаларына кандидаттар ұсыну, тиісті белгіленген тәртіпен мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет ретінде орталықтандыру қажет деп есептейміз.

           Тәукелді жою үшін Қазақстан Республикасының тиісті  мемлекеттік органдарына жолдау ұсынылады (Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасына ұсыныс хаттар жолдау).

          Сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесі жасақталды (қосымша жалғанды).

           Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде 1 тәуекел анықталып оларды жою бойыншы 1 ұсыным беріледі.                                      

  Жұмыс тобы мүшелері:    

 

1) Сансызбаев Айболат  Саламатұлы      _____________________                 

                         

2) Ерболатов Қуаныш Маратұлы            _____________________

 

3) Дюсенбиев Сәттібек Жеңісұлы          ______________________

                                                                      

4) Бағытжанов Айдос Бағытжанұлы      ______________________

 

5) Алдабергенова Гүлфия Өтеууқызы   ______________________

 

6) Халықова Аңсаған   Сүйеуқызы        ______________________

                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін

 

 

Индер ауданы әкімі

аппаратының басшысы

 

    ______________ А.Сансызбаев
«12» желтоқсан 2024 жыл

 

 

 

 

       

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    

Индер ауданы әкімінің аппараты

 

р/с

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1.

«Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқаларына кандидаттар ұсынуды  мемлекеттік корпорация арқылы электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету түріне ауыстыру

 

Атырау облыстық цифрландыру және архивтер басқармасына 

 ұсыныс хат жолдау

 

Жолданған ұсыныс хат

 

Мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар  және                        мемлекеттік қызмет көрсету   сапасын бақылау

бөлімінің бас маман заңгері С.Дюсенбиев

30.12.2024

 

Ауыл шаруашылығы
Дата публикации
13 января 2025