Түсіндірме хаттамасы
Индербор кенті «04» желтоқсан 2024 жыл
Қатынасқандар:
Төрағасы А.Сансызбаев – аппарат басшысы
Хатшысы С.Дюсенбиев – аудан әкімі аппаратының бас маман-заңгері
Аппарат қызметкерлері
Барлығы – 15 адам.
Аппарат басшысы А.Сансызбаев сөзінде үстіміздегі жылдың IV тоқсанында «Индер ауданы әкімінің аппаратында» сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алмағандығын, е-Өтініш порталы арқылы тұрғындардан аппарат қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы арыз-шағым болмағанын баяндап, жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды, Әдеп кодексін және қызметтік этиканы қатаң сақтау қажет екендігін атап өтті.
Бұдан әрі сөз алған бас маман-заңгер С.Дюсенбиев, сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесетін іс шаралар қабылдап отыру, азаматтардан түсетін өтініштерді мерзімінде тіркеп оларға жауап беруді ұдайы бақылауды ұстау қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ алдағы 2025 жылға «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекеледжоспармен аудандағы барлық мемлекеттік мекемелермен квазимемлекеттік субъектілерді қамту қажет екендігін айтты.
Төраға А.Сансызбаев
Хатшы С.Дюсенбиев