Егер балаға "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы талаптар немесе нысаналы жинақтар есептелмесе, не істеу керек?

Егер балаға "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы талаптар немесе нысаналы жинақтар есептелмесе, не істеу керек? 

       

 Егер отандастарымыз баласына "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде қаражат есептелмегенін анықтаса, оның туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің болуын, баланың жеке деректерінің дұрыстығын, сондай-ақ, олардың "Электрондық үкімет" порталындағы жеке кабинетінде тіркелгенін тексеру қажет. Құжаттар болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға жүгіну қажет. Егер баланың азаматтығы болмаса, анықталмаса немесе дұрыс көрсетілмесе, онда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек. Қателер түзетілгеннен кейін Ұлттық қордан нысаналы талаптар немесе нысаналы жинақтар және оларға есептелген инвестициялық кіріс өткізіп алған кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептелетін болады. 

 

Дата публикации
22 ноября 2024