Индер ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Индер ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4(төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.
- Индер аудандық маслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №83-VIII «Индер ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5153-06 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.