Зейнетақы жинақтарын балама мақсаттарға кім және қалай пайдалана алады?

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

 

  3) Зейнетақы жинақтарын балама мақсаттарға кім және қалай пайдалана алады?

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі төмендегі шарттардың бірі болған кезде БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге пайдалануға құқық береді:  

  • егер МЗЖ салымшысының жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асып кетсе;
  • егер зейнетақы төлемдерін алып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық кірісін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын, алушының орташа айлық кірісін 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнетке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын табысы ескеріледі (бұл жағдайда зейнетақы жинақтарының 50% мөлшеріне дейін пайдалануға болады);
  • егер міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасса (бұл жағдайда ЖЗШ-да бар жинақты түгел пайдалануға болады);
  • егер салымшы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болса. Зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан зейнеткерлер тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге МЗЖ есебінен қалыптастырылған өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалана алады (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдардың толық тізбесі әлеуметтік Кодекстің 212-бабында айқындалған).

Әрбір салымшы мен алушы өз жинақтарына қалай иелік ету керектігін өзі анықтауға құқылы: оларды бүгінгі күннің мәселелерін шешу үшін жұмсаған жөн бе, әлде зейнет жасында қамсыз болу үшін қалдырған абзал ма?. Бұл, ең алдымен, жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын салымшыларға қатысты. Ең төменгі жеткілікті шек деген ұғымның астарында ай сайынғы зейнетақыны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету үшін қажетті МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері қарастырылатынын түсіну қажет. Бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ, болашақ зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістіліктің болжамды есептеулеріне сүйене отырып айқындалатын зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Осылайша, ТЖШ - бұл салымшы зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін алуы үшін шотта қалуы керек ең төменгі көрсеткіш.

Болашақ зейнетақыңыздың мөлшері туралы білу үшін, зейнетақының неден тұратынын көрсететін болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана аласыз. Ол үш сценарий бойынша есептеледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Бұл салымшыға нақты инвестициялық кірістің болжамды деңгейін ескеретін барлық мүмкін нұсқалармен танысуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл құрал әрбір салымшыға зейнетақының мөлшері жинақтың бір бөлігін мерзімінен бұрын алған жағдайда және мерзімінен бұрын пайдаланбаған кезде қандай болатынын есептеуге көмектеседі. "Зейнетақы калькуляторы" қызметімен "БЖЗҚ"АҚ сайтында толығырақ танысуға болады: Зейнетақы калькуляторы (enpf.kz)

 

Дата публикации
09 октября 2024