Индер ауданы Бөдене ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу
туралы хабар
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Индер ауданы Бөдене ауылдық округінің әкімін тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Бөдене ауылдық округінің әкімі болып Мергалиева Шырай Тулеугалиевна, 1976 жылы туған, «Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Атырау облысы Индер ауданы Бөдене ауылының тұрғыны тіркелді.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы