Жария талқылау өтетіндігі туралы хабарландыру

«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау 2024 жылы 10 маусымда сағат 10:00-де Индербор кенті, Қонаев  көшесі -14 мекенжайы бойынша, аталған мекеме басшысының жұмыс бөлмесінде өткізілетіндігі хабарланады.

 Жария талқылау Есепті түсінік беру жолымен өткізіледі және оның қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады.

 Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефон арқылы алуға болады: 8 /71234/21788

Дата публикации
22 июля 2024