Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамасы
1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Елтай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі -Аппарат) қызметі табылады.
2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
4.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Аппараттың 2024 жылғы 19 маусымындағы № 62-ө өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
А.Махметов – жұмыс тобының басшысы, Елтай ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы.
Г.Тұрақбаева - жұмыс тобының мүшесі, Елтай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы.
Т.Жанмукашева - жұмыс тобының мүшесі, Елтай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы.
Г.Жалиева - жұмыс тобының мүшесі, Елтай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі.
А.Көбенғалиева - жұмыс тобының мүшесі, Елтай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Аппарат өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.
Мекенжайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы, Жеңіс көшесі, №23 үй.
Аппараттың қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасайтын жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды, өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
8.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
9.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
12.«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
13.Тіл туралы Заң;
14.«Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы
20.Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелерге) атау беру, обьектілерге атау беру, жалпы атаулардың транскрипциясын нақтылау, өзгерту және қайта атау туралы ҚР Үкіметінің қаулысы;
23.Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығы.
Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелдерінің болуы.
Мемлекеттік наградалар «Алтын алқа», «Күміс алқа» ұсыну тәртібі бойынша айқындау тәртібі, механизмі белгіленбеген.
Атап айтақанда, 2023 жылы 3 тұлға құжат тапсырды.
Аталған марапат тәжірибеде құжатты ауылдық округ әкімі аппаратарымен жинақталып, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметімен (бұдан әрі-Персоналды басқару қызметі) кандидаттардың құжаттары ұсыныс ретінде Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне ұсынылады.
Аталған «Алтын алқа» және «Күмiс алқа» құжат қабылдауды мемлекеттік қызметтер қатарына қосылған жағдайда қызмет алушының құжаттарды жинау мен дайындау барысында барынша кандидатқа көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейді және сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдерін жояды.
«Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқаларының кандидаттар ұсыну тиісті белгіленген тәртіпен «бір терезе» қағидатына сәйкес мемлекеттік қызметі ретінде орталықтандыру қажет деп есептейді.
Ұсыным:«Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқаларының электрондық түрде мемлекеттік қызмет қатарына енгізуді қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігіне хат жолдау.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:
Аппараттың штаттық саны – 7 бірлік. Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
2023 жылы тәртіптік шара қолданылған жоқ. Қайтадан (1 жылдың ішінде) тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер саны – 0. Сонымен қатар, тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау болмаған.
Мүдделер қақтығысын реттеу:
Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және Аппараттың кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111 баптарының талаптары бойынша жұмыстың сәйкестігі тексеріліп, аталған мәселе бойынша құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету:
2023 жылдың қаңтары мен желтоқсан айлары аралығында барлығы 41 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде:
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат әкімдік ғимаратының көрнекі жерінде орналасқан.
Мекемеде мемлекеттік қызметтер бойынша тұрғындардың онлайн түрде қызмет алу үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған.
Әкімдік арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге, қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру:
2023 жылдың қаңтары мен желтоқсан айлары аралығында Елтай ауылдық округінен 30 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылып, соның ішінен 8 азамат әскер қатарына алынды.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
2023 жылдың қаңтары мен желтоқсан айлары аралығында бюджет қаражаты- 294 331,0 мың теңге , игергені – 294 125,8 мың теңге.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
2023 жылдың 10 айында округ әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалармен 97 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.
Аппараттың ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі өзге де мәселелер.
Ауылдық округ әкіміне 2023 жылдың қаңтары мен желтоқсан айлары аралығында жеке тұлғалардан – 9 өтініш келіп түскен. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес келіп түскен өтініштер қаралып, өз уақытында өтініш иелеріне жауаптар берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және олардың орындалысы бойынша ақпарат ай сайын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына және Индер ауданы әкімі аппаратына жолданып отыр.
Қазіргі уақытта жер телімін толық игеруіне байлынысты жер учаскесіне жеке меншік құқық беру туралы өтініш қағаз түрінде округ әкімі аппаратына түсуде.
Осыған орай, жер учаскесіне жеке меншік құқық беру туралы өтінішті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу керек деп санаймыз.
Ұсыным:
1.Жер теліміне жеке меншік құқық беру туралы өтінішті мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне енгізу туралы ұсыныспен Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігіне хат жолдау.
Талдау нәтижесінде аппараттың қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР:
Жұмыс тобы мүшелері:
Елтай ауылдық округі әкімінің м.а. А.Махметов
Елтай ауылдық округ әкімі
аппаратының бас маманы Г.Тұрақбаева
Елтай ауылдық округ әкімі
аппаратының бас маманы Т.Жанмукашева
Елтай ауылдық округ әкімі
аппаратының бас маман- Г.Жалиева
есепшісі
Елтай ауылдық округ әкімі
аппаратының
бас маманы А.Көбенғалиева