2024 жылғы 21 шілдеге тағайындалған Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  

2024 жылғы 12 маусымдағы

№2 қаулысына қосымша

 

 

2024 жылғы 21 шілдеге тағайындалған Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1.  Индер ауданы бойынша Бөдене ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау

 

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды 2024 жылғы 12 маусымға

(113-1-б. 1-т. 3) тт., 3-т.)

 

2. Сайлау округінің тізімін, олардың шекаралары орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2024 жылғы                     22 маусымнан кешіктірмей

(22-б.)

 

3. Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2024 жылғы                     22 маусымнан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

 

 

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2024 жылғы                     27 маусымнан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

 Индер ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік 2024 жылғы                     27 маусымға дейінгі мерзімде

 (23-б. 5-т.)

6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен 2024 жылғы 13 маусымнан басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда 2024 жылдың 25 маусым күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

(113-3-б. 5-т.)

7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)

 

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың «Сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидатты қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде

(113-4-б.)

 

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Индер  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

 

 

 

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

 

14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын 2024 жылғы 30 маусымда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

(113-5-б. 14-т.)

 

15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Индер ауданының әкімдігі және Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Әкім болуға кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2024 жылғы                             30 маусым жергілікті уақыт бойынша 18:00 де басталып, 20 шілде  жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

 

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, Индер ауданының әкімдігімен бірлесіп

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                  

 

 Индер ауданының әкімі

2024 жылғы 1 шілдеде дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

(24-б. 5-т.)

 

 

 

 

 

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

2024 жылғы 6 шілде дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2024 жылғы                  11 шілдеден кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2024 жылғы 18 шілдеден ерте емес және 20 шілдеден кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2024 жылғы                 21 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

2024 жылғы 21 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

2024 жылғы 21 шілде жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жеткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2024 жылғы 24 шілдеден кешіктірмей

(113-10-б.)

29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 27 шілде сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

(44-б. 4-т 3) тт.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап 2024 жылғы 27 шілдеге дейін жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден 2024 жылғы 27 шілдеге дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
12 июня 2024