Зиянды жағдайларда жұмыс істейтін адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін қандай талаптар қойылады?
Қазақстан азаматтарына, ел аумағында тұрақты тұратын, еңбек жағдайлары зиянды өндірісте жұмыс істейтін және арнайы әлеуметтік төлем алғысы келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем олар:
-55 жасқа толғанда;
- қызметкер үшін 84 ай (7 жыл) бойына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленгені расталған кезде;
- еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда қызмет етуін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан кезде тағайындалады.
Арнаулы әлеуметтік төлем алу үшін қызметкер төмендегі қызмет нұсқаларының бірін таңдауы керек:
- жұмыс берушімен келісім бойынша сол кәсіпорындағы еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа ауысуды ресімдеу;
- кәсіпорыннан тыс еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа өз бетінше орналасу;
- еңбек қызметін тоқтату.