|
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ ӘКIМДІГІ |
АКИМАТ ИНДЕРСКОГО РАЙОНА АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
|
|
|
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
______________________ № ________Индербор кенті поселок Индербор
|
||
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
Индер ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ
жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесінің басшысы; барлық мамандықтағы дәрігерлер; мейіргер; барлық мамандықтағы мұғалімдер; логопед, психолог, дефектолог, әдіскер; әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман; қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлік бойынша басшының орынбасарынан басқа);
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын көркемдік жетекшісі;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапхана меңгерушісі;
мамандар: аккомпаниатор, концертмейстр, барлық атаудағы әртістері, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, кинооператор, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші, ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер, вокал, хореограф, барлық атаудағы суретшілер, қор сақтаушы.