Бала ақшаны бірден 18 жасында емес, кейінірек - 20 немесе 25 жасында пайдалана алады ма?
Бала 18 жасқа толғанда оның атына БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты автоматты түрде ашылады және оған Ұлттық қордан өзіне тиесілі қаражат аударылады. Ақша АҚШ долларымен аударылады және нысаналы шотта 10 жыл сақталады. Егер осы мерзім ішінде ол бұл қаражатты пайдаланбаса, қаражат автоматты түрде БЖЗҚ-дағы оның атына автоматты түрде ашылатын жеке ерікті зейнетақы шотына аударылады. Ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын осы зейнетақы шотынан жинақтарды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.