Индер ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

           

              Индербор кенті                                                                                                          поселок Индербор                                                                                                               

 

Индер ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған

туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы      14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» №181 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде №33110 болып тіркелді) сәйкес, Индер аудандық мәслихаты                     ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
17 января 2024