Аудан әкімінің 2023 жылғы
«___»______________№___
өкіміне қосымша №2
Индер ауданы аумағында стационарлық емес сауда орындарын бөлу жөніндегі комиссиясының
ЕРЕЖЕСІ
Индербор кенті
- Жалпы ережелер
- Осы Ереже «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына сәйкес әзірленді және Индер ауданы аумағында автодүкендерде және (немесе) шатырларда, құрастырмалы-жиналмалы конструкцияларда ішкі сауда субъектілерінің көшпелі саудасын жүзеге асыру үшін сауда орындарын уақытша беру тәртібін айқындайды.
- Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1)конкурсқа қатысушы-кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, көшпелі сауда орнына үміткер жеке және (немесе) заңды тұлға;
2)автодүкен-сауда жабдықтарымен жарақтандырылған мамандандырылған автокөлік құралы;
3) шатыр (павильон) - бір немесе бірнеше сауда орындарына арналған сауда жабдықтарымен жарақтандырылған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген жерде орналасқан, құрастырмалы-жиналмалы конструкциялардан жасалған оңай салынатын құрылым;
5) комиссия - ішкі сауда субъектілерінің автодүкендерде және (немесе) шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыруы үшін сауда орындарын уақытша беру рәсімін жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы орган құратын алқалы орган;
6) конкурс - автодүкендерде және (немесе) шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін сауда орындарын айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы;
7) сауда объектісінің эскизі - дайындалу материалдарын, сыртқы және жалпы түрін, қасбетінің, объект жоспарын және жалпы мәліметтерді қамтитын сауда объектісінің қысқаша сипаттамасы;
8) жұмысшы орган – «Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- Конкурсқа қатысушыларға қойылатын критерийлер мен талаптар
- Көшпелі сауда орындарын бөлу жөніндегі конкурсқа «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі сауданы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жіберіледі.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген қатысушылар мынадай критерийлерге сәйкес келуі:
1) қатысушы Атырау облысында әрекет ететін кәсіпкерлік субъектісі (азық-түлік өнімдерін сататын тауар өндіруші, жеткізуші және (немесе) шаруа қожалығы) болып табылады;
2) қатысушының өз өнімдерінің және сатып алынған өнімдерінің болуы, өндіретін өнімнің көлемі, шаруашылықтың егістік еккен жерлерінің көлемі, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің үлесі;
3) азық-түлік өнімдерін нарықтағы бағадан төмен сатуды жүзеге асыру;
4) сауда объектісінің эскиздік жобасы болу қажет;
- Конкурсқа қатыса ала алмайды:
1) мемлекеттік мекемелер;
2) комиссия мүшелері мен хатшысы;
3)Индер ауданы аумағында кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
4) Ішкі сауданы жүзеге асыру қызмет түріне сәйкес келмейтін жеке және заңды тұлғалар.
- Сауда объектілеріне қойылатын талаптар
- Сауда объектілері кент, ауылдар сәулеттік келбетіне, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуге тиіс;
- Бөлінген сауда орындарды нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану;
- Бөлінген сауда орындарды одан әрі жалға беруге тиым салынады;
- Баға саясатын сақтау.
- Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру және көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар беру тәртібі
- Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орын алуға мүдделі жеке және заңды тұлғалар тапсырған өтінімі арқылы қонкурсқа қатысады.
- Жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы хабарламаны жұмысшы орган интернет-ресурстарта жариялайды.
- Өтінімдер хабарлама Индер ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған күнінен 30 календарлық күн өткен сәттен бастап қабылданады.
- Хабарламада келесі ақпараттар қамтылады:
1) өтінімдерді қабылдаудың басталу күні;
2) сауда орнының мекенжайы, оның ауданы;
3) өтінімді қабылдауға қажетті құжаттар тізімі
4) өтінімдерді қабылдау мекенжайы;
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды жұмысшы орган жұмыс күні сағат 13:00-дан 14:30-ге дейінгі түскі үзілісті ескере отырып, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырады.
- Өтінімдерді қабылдау - интернет-ресурстарда хабарландыру жарияланған сәттен бастап жүргізіледі. Конкурс Комиссиясының отырысы әр аптаның бейсенбі күні өтеді.
- Дауыстар саны жеткілікті болатындай Комиссия мүшелерінің саны жиналмаған жағдайда өтетін күні қосымша хабарлана отырып, комиссия отырысы басқа күнге ауыстырылады.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) Заңды тұлға және жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің/хабарламаның көшірмесі (заңды тұлға, жеке тұлға (жеке кәсіпкерлер/ шаруа қожалығы);
3) Сенімді өкілдің өкілділігін растайтын құжаттар (бұйрық түпнұсқасы, сенімхат, құрылтайшының шешімі туралы бұйрық);
4) шаруа қожалықтары үшін өтінім беру уақытына шаруашылықтың жұмыс жүргізіп отырғанын растайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінен анықтама (тұпнұсқа);
5) тауарлардың түрлері және баға тізілімі;
6) сауда объектінің эскизі немесе фотосуреті.
- Комиссия отырысы өткізілгенге дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей конкурсқа қатысушы тапсырған өтінішіне өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады. Жоғарыда көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
- Көшпелі сауда объектілерін орналастыру үшін сауда орындарын беру Комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
- 19. Комиссия тұрақты негізде жұмыс істейді. Комиссия отырысының жиілігі – әр аптаның бейсенбі күні.
- Комиссия төрағасы кәсіпкерлік және (немесе) ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін Индер ауданы әкімінің орынбасары болып табылады.
- Комиссия хатшысы жұмысшы органның қызметкерлері арасынан айқындалады. Бұл ретте Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
- Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының жартысынан кем емес бөлігі жиналған уақытта заңды болып табылады. Егерде Комиссия мүшесі іссапарда немесе еңбек демалысында болған жағдайда, бұйрық негізінде оның қызметін уақытша атқарушы комиссия отырысына қатысады.
- Комиссия отырысын Комиссия төрағасы басқарып, жүргізеді, ол болмаған жағдайда оның жүктеуі немесе тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары басқарып, жүргізе алады.
- Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
- Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер оған Комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.
- 1 (бір) сауда орнына 1 (бір) өтінім түскен жағдайда, ол орын комиссияға қарауға ұсынылып, Комиссия отырысында дауысқа салынады және бұл конкурс өткізілген болып есептеледі.
- Комиссия қорытындысы хаттамалық шешім нысанында екі данада Комиссия мүшелері түпкілікті шешім қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жасалады. Хаттамалық шешім интернет-ресурстарда жарияланады.
- Егер бір сауда орнына конкурсқа қатысушылардың дауыс беру нәтижелері бірдей болған жағдайда, қатысушылардың қызмет түрінің әлеуметтік маңыздылығына, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру көлеміне, сату бағасына басымдылық беріледі.
- Комиссияның түпкілікті шешімін жасау және жариялау нәтижелері бойынша жұмысшы орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде рұқсат қағаз және келісім шарт жасайды және жеңімпазға қол қою үшін хабардар етеді.
- Комиссия шешімінің қорытындысы негізінде сауда орындарына рұқсат қағаздарын және келісім шарт ұсынуды - жұмысшы орган жүзеге асырады.
- Жеңімпаз шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, жұмысшы орган Комиссияның қайта отырысын ұйымдастырады, онда жеңімпазды қалған қатысушылар арасынан қайта іріктеу жүргізіледі.
- Көшпелі сауда орнын беру шартының талаптары бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда сауда орындарын қайтару – Комиссия отырысы арқылы жүзеге асырылады.
- Жұмысшы орган Комиссия отырысының ұсынысымен, көшпелі сауда орынын мәжбүрлі түрде кері қайтару жұмыстарын сот арқылы жүргізуге құқылы. Қайтарылған сауда орны Комиссия отырысына қайта ұсынылады.
- Сауда орынын ұсыну жөніндегі келісім-шарт талаптарының орындалуына мониторинг жұмыстарын жүргізуді Комиссия мүшелері жүзеге асырады.
- Комиссия шешіміне шағымдану Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
|
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ
ӘКIМДІГІ
|
|
АКИМАТ
ИНДЕРСКОГО РАЙОНА
АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
|
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
№ ________
Индербор кенті поселок Индербор
|
Индер ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бөлу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1тармағының 4-2) тамақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) Ішкі сауда Қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Индер ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарды бөлу жөніндегі комиссия туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.