Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Атырау облысы Индер ауданы Бөдене ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»

 шешім жобасына түсіндірме жазба

 

 

№

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Жобаны әзірлеушінің мәліметтері

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

 

«Бөдене ауылдық округінің әкімі аппараты

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және                өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                         39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 бұйрығына сәйкес

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Осы жобаны іске асыруға қаржы шығындары талап етілмейді

 

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

-

5

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

-

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

-

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Басқа актілерге сәйкес келтіру талап етілмейді

8

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

-

9

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

-

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

-

11

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

-

 

 

 

Округ әкімі                                                                                                               Б.Иса

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

 

           Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының                                6 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің                           2023 жылғы 23 маусымдағы №122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Индербор кенті тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Индер аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                           А.Рамазанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық  мәслихатының

2023 жылғы «» қарашадағы

№     шешіміне 1 қосымша

 

 

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінің

жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары


  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Индербор кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
  3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны- ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

 

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

 

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
  3. Индербор кентінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

     Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Индербор кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті учаскеден қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы учаскеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Индербор кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Индербор кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
  2. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті Индербор кенті әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық  мәслихатының

2023 жылғы «» қарашадағы

№     шешіміне 2 қосымша

 

 

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Индербор кенті тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

 

№

Елді мекеннің атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1.

Д.Қонаев, І.Көпбаев, Шыршалы, Қ.Нұржанов, Нарын, Қ.Қазиев, Қ.Сәтпаев, Б.Майдыров көшелері

1

2.

Н.Меңдіғалиев, С.Құбашев, Қ.Төленбаев, Талды, Бейбарыс, Шиелі, Ш.Уәлиханов, Бейбітшілік, Б.Нысанбаев көшелері

1

3.

Шәкәрім, М.Мөңкеұлы, Тайсойған, Қ.Қаражанов, Б.Бөзекенов, Жиделі, Қазақстан, Махамбет көшелері

1

4.

Х.Нұрманов, А.Досалиев, Н.Оңдасынов, Ж.Кенжетаев, И.Тайманұлы, Қ.Дәулетов, Д.Нұрпейісова, О.Нығыметдинов, М.Қалымов, С.Меңдешев, Ақжайық, Қ.Сағырбаев, Алғашық, Алғабас, Атырау, Сарайшық көшелері

2

5.

Достық, Береке, Көктем, Бірлік, С.Габдуллин көшелері

1

6.

Д.Сұлтанғалиев, Б.Қабиев, Т.Мұсабаев, Б.Момышұлы, Ш.Иманғазиев, Т.Әубәкіров, Асанқайғы, Ж.Жабаев, Г.Шамин, А.Құнанбаев, М.Горький, А.Иманов, С.Нұрқасынов, Қ.Бектұрғанов, Қ.Тұқпатов көшелері

2

7.

Ә.Молдағұлова, М.Маметова, Қорғантау, Х.Доспанова көшесі

1

8.

Ақтау, С.Сейфуллин, З.Қабдешев, М.Жұмабаев көшелері

1

9.

М.Қарасаев, Шалқыма, Шапағат, Жерұйық, Жайық, Арна, Т.Ізтаев, Ойыл, Тұмарлы көшелері

1

10.

Керей хан, Жәнібек хан, Ә.Бөкейхан, Ә.Марғұлан, Шахтер, С.Тұңғатаров көшелері

1

11

Әбілқайыр хан, Б.Майлин, М.Дулатов, Қасым хан, Хақназар хан, Ф.Оңғарсынова, Р.Қошқарбаев, Б.Әйтімов, Жиембет жырау, Ақкент, Есім хан көшелері

2

12

Қ.Байбосынов, Бөгенбай батыр, Жәңгір хан, Тәуке хан, Х.Досмұхамедұлы, Астана, Қабанбай батыр, Ғ.Мүсірепов, Ә.Қашаубаев, Малайсары би, Ақдала, Баянды, Ақтүбек, Арай көшелері

1

 

 

Барлығы:

15

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 ноября 2023