«Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 6 ай қорытындысымен жасақталған сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы

«Индер аудандық  жұмыспен  қамту,

әлеуметтік бағдарламалар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2023 жылдың 6 ай қорытындысымен

жасақталған сыбайлас жемқорлықтың

тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы

 

 

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы  талдамалық анықтамада бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекеліне соғатын проблемалық мәселелер және оны жою бағытында жасақталған ұсыныс:

Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі делінген. Тізімдерді қандай «өзге де ұйымдар» ұсынуға құқылы екендігі белгісіз. Ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін "басқа"терминінің орнына әлеуметтік көмек алу үшін қандай ұйымдардың тізімдер беруге құқығы бар екенін көрсету керек, сонымен қатар тізімдерді беру шарттары мен мерзімдерін анықтау керек.

Ұсыныс: Аудан әкімдігіне Әлеуметтік көмек алу үшін қандай ұйымдардың тізімдер беруге құқығы бар екенін көрсету туралы, сонымен қатар тізімдерді беру шарттары мен мерзімдерін анықтау туралы ұсыныс енгізу.

Мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін ұсыну бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қаралған қаражатқа мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс ұйымдастырылып жеңімпаз анықталады. Инватакси қызметтеріне ақы төлеу машина-сағатпен өлшенген нақты жұмыс уақытын негізге алады. Машина сағатын есептеу методикасы жоқ. Бөлім қызмет көрсету актісіне қол қою және қызметіне қаржыны төлеумен шектеліп отыр.Жұмыс барысында бөлімнің қызмет көрсететін ұйымдарды бақылау мүмкіндігі жоқ.

Ұсыныс: Бөлім аудан әкімдігіне инватакси қызметін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы және Машина сағатты есептеу методикасының қағидасын енгізуге, инватакси қызметін оңтайландыру бағытында орталық атқарушы органға ұсыныс хат жолдау.

Сәйкестік туралы декларация бойынша

Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жеткізу сәйкестігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер аясында әзірленген «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жетімділікті ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер» (бұдан әрі–Ережелер жинағы) Қазақстан Республикасының Ережелер жинағымен реттеледі. Бұрын пайдалануға берілген ғимараттарда халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып, Декларацияны келісуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі – НҚА) жоқ.

Декларациядан сәйкестігін анықтауға регламент бекітілмеген, сол себепті бас тартуға немесе бекітуге  негіздері жоқ,  іс-әрекеттер регламентінің болмауы мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады.

Ұсыныс: Аудан әкімдігіне декларациядан сәйкестігін анықтауға регламент бекіту туралы орталық атқарушы органдарға, сонымен қатар, сәулет, қала құрылысы саласының мамандары сәйкестік туралы декларацияны бекітуді жүктеу туралы ұсыныс жолдауға;

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру бойынша:

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығына  1-қосымшасының 2 - тарауының 10 – тармағына сай «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның өтініші бойынша өтініште көрсетілген мерзімге ұзартылады және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін. Өтініш беруші рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей «ұзартуға» беруге құқылы. Өтініш рұқсат беру аяқталған күні немесе рұқсат беру мерзімі аяқталғаннан кейін берілген жағдайда өтініш беруші үшін «ұзарту» түрі бойынша қызмет қолжетімсіз болады. Өтініш беруші «беру» түрі бойынша жаңа рұқсат алуға өтініш бере алады. Бұл ретте ХҚКО ИАЖ маманы құжаттарды қабылдау кезінде беруге немесе ұзартуға өтініш берудің дұрыс рәсімделуін қамтамасыз етуі қажет» делінген.    Алайда, қолданыстағы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі №477-IV «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 43-2 бабында «Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат алдыңғы рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте берілмейді» деп көрсетілген.

Ұсыныс:      Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың мерзімін ұзартуға қолданыстағы Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын Заңмен ұштастырып өзгеріс еңгізуге ұсыныс беремін.

«Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 6 ай қорытындысымен жасақталған сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы
Дата публикации
04 сентября 2023