Кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерді кайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына және 37-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18- бабының 2) және 8) – тармақшаларына, «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің» 42-бабына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Индер аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес кейбір комуналдық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
2.Қоса беріліп отырған комуналдық мемлекеттік мекемелердің ережелері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында комуналдық мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік қайта тіркеуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3) осы қаулыны Индер ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын
4.Осы қаулының орындалуын бақылауды Индер аудан әкімі аппаратының басшысы А.Сансызбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі Д.Шамұратов
|
|
|
|
Аудан әкімдігінің 2023 жылғы «____»___________ №___қаулысына қосымша
Қайта аталатын комуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі 1.« Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі- «Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 2.«Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
|
|
|
|
|
|
|
Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы «____» _____________ №___ қаулысымен бекітілген қосымша
«Атырау облысы Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Индер ауданының халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру.
1) Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын ;
2) аудандағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстық еңбек мобилбділігі орталықтарына хабарлауға;
3) белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізуге;
4) өзіндік ақпараттық-анықтамалық бюллетендер, плакаттар, буклеттер шығаруға, жарнама тақталар жасақтауға;
5) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауда өз құзырына кіретін Қазақстан Республикасының заңдылықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында тиісті органдарға ұсыныстар беруге құқылы.
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
2) аудан әкімінің аппаратымен және басқа да мемлекеттік органдармен, бірлесіп, аудандық бағдарламаларды және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу және талдау;
3) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобасын әзірлеу және сараптама жасау;
4) жұмыспен қамту, соғыс және еңбек ардагерлерін, азаматтардың басқа да әлеуметтік осал санаттарын әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды іске асыруды бақылау және қамтамасыз ету;
5) аудан тұрғындарының еңбек етуге, мемлекеттік қолдау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет көрсетуде конституциялық құқықтарын және мүддесін іске асыру;
6) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
7) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы мемлекттік саясатты іске асыруда жұмыс берушілер өкілдерімен, қызметкерлермен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс жасау;
8) халықтың көші-қоны саласындағы жұмыстарды іске асыру.
1) ұлттық жобалар, жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
2) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдау;
3) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;
4) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
5) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау ;
6) халықты әлеуметтік осал санаттары үшін қосымша жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;
7) жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесу;
8) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметті ұсынатын субьектілерді құру және олардың қызметін реттеуі;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субьектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
10)соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектерін әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
11) мүгедектігі бар балаларға, адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
12) мүгедектігі бар адамдарға, жалғыз басты қариялар мен мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстарын бақылау;
13) еңбек ардагерлерін, мүгедектер мен басқа да әлеуметтік-осал санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру;
14) жалғыз басты азаматтарды және мүгедектерді интернат-үйлеріне, соғыс және еңбек ардагерлерін пансионаттар мен санаторияларға анықтау туралы арыздарды қарау және шешімдер қабылдау;
15) мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, сурдо-тифло техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар мүгедектер мен мүгедектігі бар балаларды санаториялық-курортық емдеумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұйымдастыру.
16) мүгедектерді қоғамдық ұйымдарына әлеуметтік бағдарламаларды шешуде көмектер көрсету және олардың қызметтерін үйлестіру;
17) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;
18) семинарларға, кеңестерге, ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесулерге талдау материалдарын, баяндамалар дайындау;
19) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
20) бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін материалдар дайындау;
21) бюджеттік бағдарламадардың төлқұжаттарын әзірлеу және оларды бекітуге ұсыну;
22) бөлім аппаратына бухгалтерлік есепті, лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметаларының орындалуын, бухгалтерлік есептің бюджеттік сыныптамасын және дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;
23) бөлім құзыретіне жататын мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау;
24) бөлімнің кадр қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі шараларлы ұйымдастыру және жүргізу;
25) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
26) өз құзіреті шегінде бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын орындау, оған мониторинг жүргізу, есебін уақытылы шығарып ұсыну;
27) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы жұмыстарын ұйымдастырады;
28) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде тұракты әрекеттегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
29) «Еңбек жолы», «Парыз» конкурсы жұмыстарын ұйымдастыру;
30) кәмелеттік жасқа толғандар қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
31) 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр кезеңіндегі кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс стажын белгілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
32) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;
33) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;
34) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
35) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
36) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;
37) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көмекті алуды ұйымдастыру;
38) тұрғын үй көмегін тағайындау;
39) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша келген тізім т.б ақпараттарды уақытылы мекемелерге жолдауға, жұмысты ұйымдастыр;
40) бас бостандығынан айыру мекемесінен келген және пробация есебінде тұрған азаматтармен жұмыстар жүргізу;
41) «Өндірістік процесстерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, жұмыстан босатылатын қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы» Меморандум жасақтау жұмысын жүргізу;
42) Бөлімнің істеліп отырған жұмыстарынан интернет-ресурсқа ақпараттар орналастырып, жаңғыртып отыру;
43) мүгедектердің құқығын қамтамасыз етудегі оларға кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар жүргізу, аудан бойынша мүгедектердің объектілерге қол жетімділігін қамтамасыз етуде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін паспорттап, тізімдеу;
44) еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;
6) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
7) бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;
9) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге тікелей жауапкершілікте болады; 10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Бөлім және оның ведомстволарының тізбесі:
1) «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.