Мүгедектігі бар адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Мүгедектігі бар адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері туралы

 

БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына):

міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі,

ерікті зейнетақы жарналары және тобы мен мерзіміне қарамастан мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарыесебінен белгіленген кесте бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екені туралы хабарлайды.

Салымшыға (алушыға) өзініңмәртебесінрастайтынқұжаттардыкөрсетудіңқажетіжоқ. БЖЗҚ салымшының (алушының) ҚазақстанРеспубликасының"Дербесдеректержәнеолардықорғаутуралы" Заңынасәйкес берілетін келісімімен ҚазақстанРеспубликасыЕңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардыңорталықтандырылғандеректербанкі" ақпараттықжүйесіненмәліметтерді веб-сервис арқылысұраужолыменмүгедектіктің (тобы, белгіленген мерзімі) болуындербестексереді. Бұл әрекет  Еңбекминистрлігі, Мемлекеттік корпорация және БЖЗҚ арасында жасалған келісім шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" арқылы жүзеге асырылады.

Зейнетақы жинақтары төлеміне өтінішті БЖЗҚ-ға enpf.kz сайты, кеңсеге жеке жүгінунемесе сенім білдірген тұлға, сондай-ақ, пошта арқылы беруге болады.

Өтінішті  enpf.kz сайты арқылы беру туралы толық нұсқаулықтыосы жерден көруге болады.

БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға барып қызмет көрсету ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын-ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтықтан, Қор кеңсесіне бармай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүзеге асырылады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мүгедектігі бар адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері туралы
Дата публикации
24 мая 2023