Индер ауданының Көктоғай, Есбол, Елтай ауылдық округтерінің сайланған әкімін тіркеу туралы хабар
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11 бабының 1 тармағына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Индер ауданы Көктоғай, Есбол, Елтай ауылдық округі әкімдерін тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
- Көктоғай ауылдық округінің әкімі болып Табылдиев Кайрат Муратович 1987 жылы туған, Атырау облысы, Индер ауданы «Көктоғай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ- нің бас маманы, Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылының тұрғыны тіркелді.
- Есбол ауылдық округінің әкімі болып Тілекқабыл Асхат Төлешұлы 1966 жылы туған, Атырау облысы, Индер ауданы «Индер аудандық білім бөлімінің Есбол орта мектебі» КММ-нің директоры, Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылының тұрғыны тіркелді.
- Елтай ауылдық округінің әкімі болып Сариев Дулатбай Абатович 1980 жылы туған, Атырау облысы, Индер ауданы «Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ-нің басшысы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінің тұрғыны тіркелді.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы