Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

 

2023 жылғы 19 сәуірде Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Индер ауданы Есбол ауылдық округі әкімдігіне кандидат Тілекқабыл Асхат Төлешұлының («Amanat» саяси партиясынан) құжаттары ұсынылды.

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Индер ауданы Есболауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.

2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Индер ауданы Есбол ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 13 – 25 сәуіраралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

 

 

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
19 апреля 2023