Ақпараттықхабарлама
2023 жылғы 17 сәуірдеИндер аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар Умиткалиева Айгуль Аралбаевна, Габбасов Шапагат Ахметхамбаровичтің (өзін-өзі ұсыну тәртібімен) құжаттары ұсынылды.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 13 - 25 сәуір аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы