Қазір біздің зейнетақы жинақтарымыздың "жоғалып кетуі"мүмкін екендігі туралы әңгімелер өте көп. Мен осыған алаңдаймын, сондықтан зейнетақы жинақтарымның сақталуына қандай кепілдіктер бар екенін білгім келеді?
Қазақстан – зейнеткешыққан кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел.
"ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (5-бап) алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.
Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде оның жеке зейнетақы шотындағы кірістілік жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған барлық кезеңдегі инфляция деңгейіне қатысты есептеледі. Егер осы уақыт ішінде зейнетақы жинақтарының кірістілігі инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтейді.Сондықтан салымшылардың жинақтары сенімді қорғалғанына сенімді бола аласыз. Бұл қаржы нарықтарындағы оқиғалардың қалай дамитынына және инвестициялық табысқа қатысты жағдайдың қалыптасуына байланысты емес.
Салымшылар мемлекеттің кепілдігі бойынша төлем алу құқығын зейнет жасына толған кезде алады. Бұдан басқа, бұл құқыққа егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе,І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, мұрагерлер ие болады.