Индер ауданының Көктоғай, Есбол, Елтай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Атырау облысы Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Индер ауданының Көктоғай, Есбол, Елтай ауылдықокругтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 - бабының 1-тармағы             3 тармақшасына және 3 тармағына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылдың21 мамырына Индер ауданының   Көктоғай,    Есбол,

Елтай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы21 мамырға

тағайындалған Көктоғай, Есбол, Елтай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

  1. Осы қаулы Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Дендер» газетінде жариялансын.

 

 

Индер аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  А.Сакенов  

 

 

Индер аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                Ш.Сариева                                                                 

 

 

Индербор кенті,

2023 жылғы 12 сәуір

№16

 

Индер ауданының Көктоғай, Есбол, Елтай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
11 апреля 2023