АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
|
БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) екі айдағы таза инвестициялық табысы 204,4 миллиард теңгеден асты
Бірыңғайжинақтаушызейнетақықорысалымшыларының (алушыларының) таза инвестициялықтабысыжылбасынанбері 01.03.2023 ж.жағдайбойынша204,4 млрд теңгеденасты. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақыжарналары мен инвестициялықтабысынқамтитынзейнетақыжинақтарыныңсомасы01.03.2023 жылғашамамен15,13 трлн теңгеболды. 2014 жылдан(барлықзейнетақыактивтерін БЖЗҚ-ға біріктіруүрдісі аяқталған)бастапҰлттық банкқамтамасызеткен таза инвестициялықтабыс7,13 трлн теңгеніқұрады. 2023 жылгеосаясижағдайтұрақсыздығының сақталуы салдарынанқаржы нарығындағықұбылмалылық әбден орын алуы мүмкін жыл болып белгіленген. Бұған дәлел, жыл басынан бері инфляцияның өсуі және зейнетақы активтерінің кірістілігі көрсеткіштерінің құбылмалылығы байқалуда. Ол қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалауға тәуелді болғандықтан, оң да, теріс те көрсеткіштерге ие болуы мүмкін. Алайда зейнетақы активтерінің портфелінтаңдалған қаржы құралдары, экономика салалары мен валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2 ай ішінде оң инвестициялық кіріс алынды. Зейнетақы жинақтары ұзақ мерзімді инвестициялар екендігі бәрімізге белгілі. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде 1 (бір) жыл кезеңіне талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т. б.) нарықтық жағдайдың өзгеруіне тәуелді болғандықтан,индикативті көрсеткіш бола алмайды. Зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігіұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етілетінін атап өткіміз келеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі қаланған кезеңнен (1998 жыл) 2023 жылдың 1 наурызына дейінжинақталған кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 695,96% болғандаөспелі қорытындымен740,12%көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сақталуына бірегей кепілдік бар. Салымшының төлем құқығы басталған кезде жекелеген кезеңдердеоның жинақталған табысына әсер еткен кірістіліктің төмендеуі байқалған кездердегі айырманың өтелуіне мемлекет кепілдік береді. Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алудың жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық кірісін enpf.kz сайты немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасынан көптеген қызықты және пайдалы ақпараттарды алып, жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбаттарын тамашалауға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
|