Ақпараттық хабарлама
2023 жылғы 27 наурызда Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2023 жылғы 23 сәуірге тағайындалған Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат Тугаев Нурпейс Зейнуллаевичтің («Amanat» саяси партиясынан) құжаттары ұсынылды.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2023 жылғы 23 сәуірге тағайындалған Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 16наурыздан 28 наурыз аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы