Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Индер ауданы Бөдене ауылдықокругі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 - бабының 1 тармағы             1 тармақшасына және 2 тармағына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылдың23 сәуіріне Индер ауданы   Бөдене ауылдық  округі

әкімінің сайлауы тағайындалсын.

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 23 сәуірге тағайындалған Бөденеауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Дендер» газетінде жариялансын.

 

 

Индер аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  А.Сакенов  

 

 

Индер аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                Ш.Сариева                                                                 

 

Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
15 марта 2023