АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ өзқызметтерінкөрсетудеQR-кодты
алғашқылардыңбіріболыпқолданды
Енді зейнетақы төлемдерін тағайындау және деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш берген кезде өтінішке QR-кодтың көмегімен қол қоюға болады.
Естеріңізге сала кетейік, мерзімсізуақытқа белгіленген1 немесе 2 топтағымүгедектіккебайланыстыБЖЗҚ-ғатөлемдерді, сондай-ақ,еріктізейнетақыжарналарыесебінентөлемдералуғаөтінішберіледі. БұрынмұныБЖЗҚ кеңселерінденемесеenpf.kz сайтындағыЖекекабинеттеэлектрондықцифрлыққолтаңбаарқылыжасауғаболатын. Енді ЭЦҚ-ны QR-кодпенқолқоюғаауыстыра аласыз. Сондай-ақ, QR-код enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте өз деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде көмектеседі.
Ол үшін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіру керек. Мұнда көрсетілген қызметтерді таңдағанда «QR-мен қол қою» батырмасы қосылады. Қол қоюдың бұл әдісі eGov mobile интеграциясы негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан пайдаланушы осы қосымшаны ұялы телефонына орнатып, оған кіруі керек. «QR-мен қол қою» батырмасын басқаннан кейін Қор серверіне сілтемені қамтитын QR-код жасалады. Бұл QR кодты EGOV mobile ұялы қосымшасының көмегімен сканерлеу керек, оның жоғарғы оң жақ бұрышында QR кодтарын оқуға арналған белгіше бар.
QR кодын сканерлегеннен кейін қол қойылатын құжатты көрсететін терезе ашылады. Әрі қарай, «Қол қою» батырмасын басу арқылы пайдаланушы құжатқа қол қоюды аяқтауы керек. Нәтижесінде «Қол қою сәтті аяқталды» деген хабарлама шығуы керек: деректемелер өзгертіліп,зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішті «Менің өтініштерім» бөлімінен көруге болады.
Әзірге QR-кодтың көмегімен enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте сұранысқа ие екі операцияны орындауға болады. БЖЗҚ осылайша цифрлық қызметтер желісін кеңейту бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).