«Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
30 желтоқсан 2022 жыл Индербор кенті
Талданатын объект: «Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімі» ММ (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі, құрылыс 30.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімі басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1) Дилмукашева Орынша Матаевна – Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің басшысы;
2) Сабирова Шарбану Сейткереевна – Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі;
3) Жалмуханова Айгуль Гарифоллаевна– Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің бас маманы;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 25-30 желтоқсан 2022 жыл.
Талданатын кезең: 01.01.2022-01.12.2022 ж.ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімініне 30 бағынысты мекемелер бар. Оның ішінде 15 орта білім беру ұйымы, 11 балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымы және 1 психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеті.
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында мекеменің қолданыстағы құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талдау жүргізу барысында мекеменің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
мекеменің мемлекеттік қызметшілер саны – 3, нақты саны - 3.
2022 жылдың 01 желтоқсандағы жағдай бойынша бос вакансиялар жоқ.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Мекеменің барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Бөлімнің құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кіреді, Олар:
- "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" -7;
- "Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру" - 33;
- "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу";
- "Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау" - 2;
- "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау";
- "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау";
- "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау";
- "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру";
- "Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" - 8;
- «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» - 1;
- "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау" - 16.
Ережеге сәйкес Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында бөлімде бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылы барлығы 55 және 2022 жылдың 12 айында барлығы 46 өтініш келіп түскен.
Соның ішінде 2021 жылы жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 34, заңды тұлғалардан - 21.
2022 жылдың 11 айында жеке тұлғалардан - 39, заңды тұлғалардан – 7 өтініш келіп түскен.
Мекеменің 2022 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 88 204 000 мың теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы – 87 657 000 мың теңге, игерілмегені 547 000 мың теңге.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Басшысы
Жұмыс тобы мүшелері: ______________
______________
______________
______________
______________