2022 жылдың қорытындысы бойынша «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 3 қызмет түрі көрсетіледі.
1) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
3) Жер телімін алу үшін кезекке қою.
Есепті мерзімде округ әкімі аппараты арқылы барлығы 54 қызмет көрсетілді.
1) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру – 0.
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 3.
3) Жер телімін алу үшін кезекке қою – 51.
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Сонымен қатар әкімшілік ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.2022 жылдың қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.
Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған.Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 10 түсіндірме шаралары өтті.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі