«Дипломмен ауылға» жобасының орындалысы туралы ақпарат.
2009 жылдан бастап ауданымызда «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіліп келеді. Ол ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне білікті мамандар жетіспейтін ауылдарға жұмысқа баруы үшін әзірленген. Аталған жоба бойынша жас мамандарды ынталандыру мақсатында тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 15 жыл мерзімге, 0,01% мөлшерлемемен, 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік кредит және 100 айлық есептік мөлшеріндегі біржолғы көтерме жәрдемақы беріліп келеді.
Аудан бойынша аталған жобаның орындалысына қысқаша тоқталып өтсем, жыл сайын әлеуметтік көмек ретінде берілетін қолдаулар туралы мәліметтер, әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін тапсырылатын құжаттар, сонымен қатар құжаттың қабылданатын мерзімі туралы жергілікті баспасөз бетіне мақала жарияланып тұрады.
Аудан бойынша 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін ауданның елді мекендеріне келген тапшы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласы бойынша - 76 маман, білім беру саласы бойынша - 148 маман, спорт саласынан - 8, мәдениет саласынан - 4 және агроөнеркәсіп кешен саласынан - 6 маман, барлығы 242 маман әр қайсысына 2019 жылға дейін 70 еселік айлық есептік көрсеткішке тең, 2019 жылдан бастап 100 еселік есептік көрсеткішке тең, жалпы сомасы 43 млн. 110 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы алды. Ал тұрғын үй сатып алу үшін денсаулық сақтау саласынан - 38 маман, білім беру саласынан - 103 маман, спорт саласынан - 6 маман, мәдениет саласынан - 5 және агроөнеркәсіп кешен саласынан - 4 маман, барлығы 156 маман жалпы сомасы 479 млн. 348 мың теңге көлемінде он бес жыл мерзімге 0,01% пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие рәсімделіп, пәтермен қамтамасыз етілді. Соның ішінде 2022 жылы көтерме жәрдемақы 13 маманға 3 млн.982 мың теңге, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие 8 маманға 36 млн. 756 мың теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді.
2020 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы құжаттар қабылданды. 2021 және 2022 жылдары мамандар «Электрондық үкімет» веб-порталының «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінде өз қалауы бойынша мемлекеттік қызмет түрлерін таңдап (көтерме жәрдемақы, бюджеттік кредит) өзінің ЭЦҚ арқылы өтініш беріп, құжаттарын тапсырды.
Бұл жоба 2023 жылы да жалғасын табады. Биылғы жылға республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 7 маманға бюджеттік несие рәсімдеуге 36 млн. 225 мың теңге қаржы жоспарланды. Ал 9 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу үшін 3 млн. 105 мың теңге қаржы жоспарланды. Қаржылық жоспар бойынша шілде-қазан айында игеріледі.