«Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
14 желтоқсан 2022 жыл, Индербор кенті
Талданатын объект: «Индер аудандық құрылыс бөлімі» ММ (бұдан әрі мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі №30/7.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Индер аудандық құрылыс бөлімі басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 25-30 желтоқсан 2022 жыл.
Талданатын кезең: 01.01.2022-30.12.2022 ж.ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Мекемеге бағынысты мекемелер жоқ.
Талдау жүргізу барысында мекеменің қолданыстағы құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талдау жүргізу барысында мекеменің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілер саны-4, нақты саны – 4.
2022 жылдың 30 желтоқсандағы жағдайы бойынша бос вакансия жоқ.
Талдау кезеңінде жалпы конкурспен бөлімге бас маман-есепші тағайындалды.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері сақталуда;
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылғаарналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылды.
Индер аудандық құрылыс бөлімі мемлекеттік мемкемесінің барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде мекеменің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысна байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Мекеменің құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді.
Ережеге сәйкес мекемеде рұқсат беру функциялары жоқ.
Талдау жүргізу барысында мекеме бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талданып отырған кезеңде мекемеге жеке және заңды тұлғалардан 2022 жылы барлығы 8 (2021 жылы барлығы 4)өтініш келіп түсті.
Мекеменің 2022 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес 1 487 036 000,0 мың теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы 1 215 064 337,28 мың теңге, игерілмегені 271 971 662,72 мың теңге.
Ережеге сәйкес, мекемемен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы- шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Басшы ____________
Жұмыс тобының мүшелері ______________
______________
______________