2022 жылдың қорытындысы бойынша Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша көрсеткен мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің түрлері бойынша ақпарат

2022 жылдың қорытындысы бойынша Индер  аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша көрсеткен мемлекеттік көрсетілген  қызметтерінің  түрлері бойынша ақпарат

                «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы » Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84  бұйрығына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 бұйрығына, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына 2022 жылғы 820 бұйрық өзгерістер мен толықтырулар енгізу  бойынша  бөлімде  мемлекеттік қызметтердің  20 түрі  қарастырылған.

       Аудан бойынша 2022 жылдың 12 айында 8546 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

- 196  қызмет қағаз түрінде;

- 411  қызмет мемлекеттік корпорация арқылы;

- 5758  қызмет ақпараттық жүйе арқылы;

- 2091 қызмет электроннық үкімет веб-порталы арқылы;

      Бөлімде мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің қағидалары, тәртібі  бойынша стендтер орнатылған.

     Жергілікті басылымға бөлімнің қызметіне қатысты  мақалалар үнемі жарияланып тұрады.

     2022 жылдың қорытындысы  бойынша мерзімінен кешіктірілген  мемлекеттік қызмет болған жоқ.

      Бөлімнің  ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналастырылып, «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылып, бірқатар жұмыстар атқаруда.

     2022 жылдың 12 айында шағымдар мен пікірлер түскен жоқ.

     Электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы хабардарлығын одан әрі жоғарылату, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу басты назарда қала бермек.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік саясатты жүргізудің басты бағыты болып саналады. Сондықтан қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады

«Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі» КММ

Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев  көшесі 16, тел: 8 (71234) 2-14-60;

2022 жылдың қорытындысы бойынша Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша көрсеткен мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің түрлері бойынша ақпарат
Дата публикации
30 декабря 2022