«Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
01 желтоқсан 2022 жыл Индербор кенті
Талданатын объект: «Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, №30.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Индер ауданы әкімі аппараты басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1) Сариев Дулатбай Абатұлы – бөлім басшысы;
2) Максотова Айдана Ерболатқызы – бас маман;
3) Жұмашев Самат Ислямғалиұлы – маман;
4) Қапизова Айман Қабежанқызы – есепші.
5) Шайдуллина Ингал Сағиденқызы – маман;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 25-30 желтоқсан 2022 жыл.
Талданатын кезең: 01.01.2022-30.12.2022 ж.ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Мекемеге бағынысты мекемелер жоқ.
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында бөлімнің құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талдау жүргізу барысында Мекеменің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны – 2, нақты саны - 2.
2022 жылдың 01 желтоқсандағы жағдай бойынша бос вакансиялар жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Бөлімнің барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Бөлімнің құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді.
Ережеге сәйкес бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылы барлығы 1 және 2022 жылдың 12 айында 1, барлығы 2 өтініш келіп түскен.
Соның ішінде 2021 жылы жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 0, заңды тұлғалардан - 1.
2022 жылдың 12 айында жеке тұлғалардан - 1, заңды тұлғалардан – 0 өтініш келіп түскен.
Соның ішінде 2021 жылы 1өтініш келіп түссе, 2022 жылдың 11 айында 1 өтініш келіп түскен.
Мекеменің 2022 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 18 284 000,0 мың теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы – 18 284 000,0 мың теңге, игерілмегені 0 теңге.
Ережеге сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды/анықталмады.
Басшысы
Жұмыс тобы мүшелері: ______________
______________
______________
______________
______________