«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі»  мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

30 желтоқсан 2022 жыл                                                                    Индербор кенті

 

Талданатын объект: «Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі, №30/8.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Индер ауданы әкімі аппараты басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:

         1) Дюсубалиева Анаргүл Бақтығалиқызы – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы;  

2) Темірғалиева Мөлдір Абайқызы –аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;

3) Есқали Ақжарқын Қапарқызы – аудандық ішкі саясат бөлімінің есепшісі.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 25-30 желтоқсан 2022 жыл.

Талданатын кезең: 01.01.2022-30.12.2022 ж.ж.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.

Мекемеге бағынысты «Индер аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.

І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Индер аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінде  ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  анықталмады.

III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мекеменің мемлекеттік қызметшілер саны – 2, келісім шарт негізінде 2 қызметші жұмыс жасайды.

2022 жылдың 30 желтоқсандағы жағдай бойынша бос вакансиялар жоқ.

Талдау кезеңінде ішкі конкурспен бөлімге бөлім басшысы тағайындалды.

Индер аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылды.

Индер аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері ҚР  Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында түсінік жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мекеменің құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Индер аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.

VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

           VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде Мекемеге жеке және заңды тұлғалардан  2021 жылы барлығы  3 және 2022 жылдың 11 айында 6, барлығы 9 өтініш келіп түскен.

Соның ішінде 2021 жылы жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 2, заңды тұлғалардан - 1.

2022 жылдың 11 айында жеке тұлғалардан - 4, заңды тұлғалардан – 2 өтініш келіп түскен.

Соның ішінде 2021 жылы 3 өтініш келіп түссе, 2022 жылдың 11 айында 6 өтініш келіп түскен.

 

  1. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мекеменің 2022 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес,  24516000 теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы – 24 479700 теңге, игерілмегені 36300 теңге.

 

  1. Жасырын қызметті анықтау.

Ережеге сәйкес, аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесімен жасырын қызмет көрсетілмейді.

            ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

 

 Басшысы

 

Жұмыс тобы мүшелері: _____________

 

                                             ____________  

                                                                               

 

                                                                               

 

 

«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
30 декабря 2022