2022 жыл бойынша «Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2022 жыл бойынша «Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы  25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қалалардың  жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталған. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы жүзеге асырылады.

            2022 жылы мемлекеттік мекемеде 2 мемлекеттік қызмет түрі бойынша  67  қызмет көрсетілді. Есепті жыл ішінде қызмет көрсетуде уақытынан кешіктіру фактісі тіркелген жок.

            Көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарт пен регламентке сәйкес дайындалып қызмет алушыға уақытылы ұсынылды.

            Барынша сұранысқа ие қызмет: «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» бойынша – 66 қызмет, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»- 1  қызмет көрсетілді.         

           Тұрғындарға қолайлы  жағдай жасау мақсатында ғимарат стендтермен жабдықталған. Жыл ішінде  көрсетілген  қызметтер сапасына  шағымданушылар болған  жоқ.

            Есепті жылдың ішінде ауылдық округ көлемінде орналасқан мекемелер  мен жеке тұлғалардың қатысуымен 12 түсіндірме іс-шаралары  өткізілді.

           

«Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

2022 жыл бойынша «Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Дата публикации
10 января 2023