«Индер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Индер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

30 желтоқсан 2022 жыл                                                                    Индербор кенті

 

Талданатын объект: «Индер ауданы әкімінің аппараты » ММ (бұдан әрі - Аппарат), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев көшесі, №12.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары аудан әкімі аппараты басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:

         1) А.Сансызбаев – аудан әкімі аппаратының басшысы;

2) Қ.Ерболатов – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы;

3) Қ.Нуриев – аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы;

4) Н.Сағынғалиев – аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы;

5) Д.Сырлыбаева – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маман- есепшісі.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 25-30 желтоқсан 2022 жыл.

Талданатын кезең: 01.01.2022-30.12.2022 ж.ж.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.

Аппарат 4 бөлімнен тұрады:

- мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі;

- ұйымдастыру және бақылау бөлімі;

- жалпы бөлім;

- персоналды басқару қызметі бөлімі.

 

І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Аппараттың қолданыстағы құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Аппараттың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың мемлекеттік қызметшілер саны - 14, нақты саны - 15.

2022 жылдың 30 желтоқсандағы жағдайы бойынша 1 (уақытша) бос вакансия бар.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан екі аудан әкімінің орынбасары өз еркімен жұмыстан босатылып, олардың орнына конкурс жарияланып екі аудан әкімінің орынбасары жұмысқа орналасты. Бір бөлім басшысы ішкі тәртіппен лауазымы жоғарылап, оның орнына конкурс жарияланып бір бөлім басшысы жұмысқа орналасты. Бір бас маман өз еркімен жұмыстан босатылып, оның орнына конкурс жарияланып бір бас маман жұмысқа орналасты.

Аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері сақталуда.

Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.

Аппараттың барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде Аппараттың қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Аппаратта бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

           VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде Аппаратқа жеке және заңды тұлғалардан   2022 жылы барлығы 428 (2021 жылы барлығы 465) өтініш келіп түсті.

Оның ішінде, қанағаттандырылғаны 38 (43), түсіндірілгені 390 (422).

  1. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мекеменің 2022 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес 154 017,0 мың теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы – 153 696,0 мың теңге, игерілмегені 321 мың теңге.

  1. Жасырын қызметті анықтау.

Ережеге сәйкес, Аппаратпен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

         

ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

ҰСЫНЫМДАР:

  1. Жылына кемінде екі рет сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
  2. Тоқсан сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндірме жұмыстарын, дөңгелек үстелдер өткізу.
  3. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында әлеуметтік желілерде, газетке мақала жариялау арқылы тұрғындарды ақпараттындыру.

 

 

Басшы                                           ______________       

 

 

Жұмыс тобының мүшелері        ______________

                                                       ______________

                                                       ______________

                                                       ______________

                                                       ______________                    

«Индер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
29 декабря 2022