«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

30 желтоқсан 2022 жыл                                                              Өрлік ауылы

 

Талданатын объект: «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі - Аппарат), Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылы, І.Үсенов көшесі, №16.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары  Индер ауданы әкімі аппараты басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:

1) Қаженов Мұратбек Ермекұлы – округ әкімі;

2) Идрисова Тоқжан Нұрмұканқызы –бас маман-есепші;

3) Өтепова Анар Ғилманқызы– бас маман;

4) Жәнібек Айдана Жәнібекқызы – бас маман;                   

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі:            

                                  1-5 желтоқсан 2022 жыл.

Талданатын кезең: 01.01.2022-30.12.2022 ж.ж.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.

Мекемеге бағынысты мекемелер бар:

  1. «Өрлік-Мәдениет» МКҚК

І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады

  1. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  анықталмады.

III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппаратының» мемлекеттік қызметшілер саны – 5, нақты саны - 4.

2022 жылдың 01 желтоқсандағы жағдай бойынша бос вакансиялар бар.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер болмады.

Талдау кезеңінде ауысу тәртібімен қызметкері тағайындалмады.

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері ҚР  Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппаратының»  құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кіреді.

Талдау кезеңінде 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді , шешімдері 2.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» рұқсат беру функциялары жоқ.

VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппаратқа» жеке және заңды тұлғалардан 2022 жылдың 11 айында 0, барлығы 0 өтініш келіп түсті.

  1. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 91  372 000 мың теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы – 91 296 146,16 теңге, игерілмегені 75 853 84 теңге.

Орындалысы 99,92%

1X. Жасырын қызметті анықтау.

Ережеге сәйкес, «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппаратында» қызмет көрсетіледі.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

 

«Өрлік ауылдық округі әкімі:                                            М.Қаженов

 

 

 Жұмыс тобы мүшелері:                                                      М.Қаженов

Т.Идрисова

А.Өтепова

А.Жәнібек

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
30 декабря 2022