«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

01 желтоқсан 2022 жыл                                                                      Бөдене ауылы

 

Талданатын объект: «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты » ММ (бұдан әрі - Аппарат), Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылы, М.Мөңкеұлы көшесі, №2а.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары округ әкімінің «Жұмысшы тобын құру туралы» өкімі негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:

         1) Гизатов Жанболат Самиғоллаұлы – округ әкімі;

2) Тайров Мейрамбек Исламгалиұлы  – бас маман;

3) Мергалиева Шырай Төлеуғалиқызы – бас маман;

4) Габдуллина Айдана Маратқызы – бас маман;                                

5) Төлеуова Гүлзира Мұратқызы – бас маман есепші;

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 1-5 желтоқсан 2022 жыл.

Талданатын кезең: 01.01.2022-31.12.2022 ж.ж.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.

Аппаратқа бағынысты мекеме бар:

«Бөдене – Мәдениет» МКҚК.

І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Аппараттың қолданыстағы құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Аппараттың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың мемлекеттік қызметшілер саны –5, нақты саны -5.

2022 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша бос вакансиялар жоқ.

Аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері сақталуда.

Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.

Аппараттың барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде Аппараттың қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кіреді. Олар:

- Жер учаскесін алу үшін кезекек қою - 51;

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту - 3.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Аппаратта бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

           VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде Аппаратқа жеке және заңды тұлғалардан  2021 жылы барлығы 3 және 2022 жылдың 12 айында 2, барлығы 5 өтініш келіп түсті.

Соның ішінде 2021 жылы жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 3, заңды тұлғалардан - 0.

2022 жылдың 12 айында жеке тұлғалардан - 2, заңды тұлғалардан – 0 өтініш келіп түскен.

  1. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мекеменің 2022 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес 108 395 000 мың теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы – 105 265 379,73 мың теңге, игерілмегені 3 129 623,27 мың теңге.

 

  1. Жасырын қызметті анықтау.

Ережеге сәйкес, Аппаратпен мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

         

ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

 

Округ әкімі:                                                                       Ж.Гизатов

 

 

Жұмыс тобы мүшелері:                                                   М.Тайров

 

                                                                                                 Ш.Мергалиева

 

                                                                                             А.Габдуллина

 

                                                                                             Г.Төлеуова

«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
30 декабря 2022