«Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
30 желтоқсан 2022 жыл Елтай ауылы
Талданатын объект: «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты » ММ (бұдан әрі - Аппарат), Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы, Жеңіс көшесі, №23.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары округ әкімінің «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1) О.Хасанов – Елтай ауылдық округінің әкімі;
2) А.Махметов – округ әкімі аппаратының бас маманы есепшісі;
3) Г.Жалиева – округ әкімі аппаратының бас маманы;
4)А.Көбенғалиева – округ әкімі аппаратының бас маманы;
5)Т.Жалмукашева – округ әкімі аппаратының бас маманы;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 25-30 желтоқсан 2022 жыл.
Талданатын кезең: 01.01.2022-30.12.2022 ж.ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында Аппараттың қолданыстағы құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талдау жүргізу барысында Аппараттың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың мемлекеттік қызметшілер саны –7.
Аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Аппараттың барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде Аппараттың қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар: «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер телімін табыстару туралы», «Жер телімін алу үшін кезекке қою». Барлық мемлекеттік қызметтер уақытылы көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелеріне шағым түскен жоқ.
Ережеге сәйкес Аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында Аппаратта бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде Аппаратқа жеке тұлғалардан 2022 жылдың 12 айында барлығы 18 өтініш келіп түсті.
Барлық өтініштер уақытылы қаралды. Оның ішінде 13 өтінішке ауыртпалықты, 4 өтінішке қолайды әкімшілік шешім қабылданды. 1 өтініш қаперге алынды.
Мекеменің 2022 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес 148 091,0 мың теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы –147 990,0 мың теңге. Орындалысы 99,93 %
Ұсыным:
Ережеге сәйкес, аппаратпен мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
ҰСЫНЫМДАР:
Басшысы _____________
Жұмыс тобы мүшелері: ______________
______________
______________
______________
______________