Индер аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Индер аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №17 «Индер аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Индер аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бір мандатық аумақтық сайлау округтерінде 12 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. №7, №8, №9, №10, №11, №12 бір мандатық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп айқындалсын.
  3. Индер аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін осы қаулы Индер аудандық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы қаулы Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Индер аудандық аумақтық

сайлаукомиссиясының төрағасы                                           А. М.Сакенов

 

Индер аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                          Ш.А.Сариева

 

 

№18 28желтоқсан 2022жыл

Индер аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
Дата публикации
29 декабря 2022