Индер ауданы мәслихаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы

2022 жыл  «28»  желтоқсан №16

 

Индер ауданы мәслихаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14, 111-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының және 4-1-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес және «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің қызметін тоқтатуды тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 3002-ө бұйрығының негізінде  «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігіне қосылуына байланысты Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша сайланған Индер ауданы мәслихаты депутаты Утегенов Шынғыс Адилбекұлының өкілеттігін жоғалту фактісі расталсын.
  2. Индер аудандық мәслихатының депутаты Утегенов Шынғыс Адилбекұлының куәлігі жарамсыз деп есептелсін.
  3. Осы қаулы Индер аудандық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы қаулы Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және жергіліктіаудандық «Дендер» газетініңбасылымында орналастырылсын.
  5. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Индер аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы:                                                          А.М.Сакенов

 

Индер аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы:                                            Ш.А.Сариева

 

 

 

Индер ауданы мәслихаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы
Дата публикации
28 декабря 2022