Индер ауданы Индербор кенті әкімі сайлауының қорытынды хабары
2022 жылғы 18 желтоқсанда Индер ауданы,Индербор кенті әкімініңсайлауы өтті.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы9-тармақшасы, 4 бабының 2 тармағы, 45-бабы, 113-10-бабтарына сәйкесИндер ауданы, Индербор кентіәкімінің сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 10064 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 5316. Жарамсыз бюллетеньдер саны-33, «Бәріне қарсымын» белгісін белгілегендер саны - 12
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ш.Б.Альмурзиев - 4019;
М.К.Нугманов - 688;
Т.Қ.Салахадинов - 564.
Индербор кенті әкімі болып Альмурзиев Шалкар Болатович, 1988 жылы туған, «Индер Су» ШЖҚ КМК мекемесінің директоры, Индербор кенті, Алғабас көшесі, 8 үй тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы