«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
01 желтоқсан 2022 жыл Есбол ауылы
Талданатын объект: «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі - Аппарат), Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы, Жамбыл көшесі, №22.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Индер ауданы әкімі аппараты басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1) Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлы – округ әкімі;
2) Сабиров Ерболат Сагидоллаевич –бас маман;
3) Султангалиева Жанылсын Куанышкалиевна– бас маман;
4) Азгалиева Гулсара Себепкалиевна – бас маман;
5) Бақтығожина Әнел Сағдатқызы – бас маман.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 1-5 желтоқсан 2022 жыл.
Талданатын кезең: 01.01.2022-01.12.2022 ж.ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Мекемеге бағынысты мекемелер бар:
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады
Талдау жүргізу барысында «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Есбол ауылдық округі әкімінің аппаратының» мемлекеттік қызметшілер саны – 6, нақты саны - 5.
2022 жылдың 01 желтоқсандағы жағдай бойынша бос вакансиялар бар.
Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер болмады.
Талдау кезеңінде ауысу тәртібімен қызметкері тағайындалмады.
«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
«Есбол ауылдық округі әкімінің аппаратының» құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кіреді.
Талдау кезеңінде 3 көрсетілді , шешімдері 13.
Ережеге сәйкес «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» рұқсат беру функциялары жоқ.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде «Есбол ауылдық округі әкімінің аппаратқа» жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылы барлығы 4 және 2022 жылдың 11 айында 2, барлығы 2 өтініш келіп түсті.
Соның ішінде, 2021 жылы жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 4, заңды тұлғалардан - 0.
2022 жылдың 11 айында жеке тұлғалардан - 2, заңды тұлғалардан – 0 өтініш келіп түсті.
«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің2022 жылға арналған қаржылықжоспарына сәйкес, 700 186 000 мың теңге қаражат бөлінген,игерілген сомасы – 540 364 463 теңге, игерілмегені 159 821 537 теңге.
1X. Жасырын қызметті анықтау.
Ережеге сәйкес, «Есбол ауылдық округі әкімінің аппаратында» қызмет көрсетіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
«Есбол ауылдық округі әкімі: А.Рамазанов
Жұмыс тобы мүшелері: А.Рамазанов
Е.Сабиров
Г.Азгалиева
Ж.Султангалиева
Ә.Бақтығожина