«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
14 желтоқсан 2022 жыл Индербор кенті
Талданатын объект: «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев көшесі, №14.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1) Кунасова Гульмира Амиргалиевна – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
2) Умиткалиева Айгуль Аралбаевна – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары;
3) Ахметжанова Шынар Еркингалиевна – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маман-есепшісі;
4) Сансызбаева Анар Сансызбайқызы – Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 1-20 желтоқсан 2022 жыл.
Талданатын кезең: 01.01.2022-14.12.2022 ж.ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Мекеме 4 бөлімнен тұрады:
-коммуналдық меншік мүлкін түгендеу бөлімі;
-әлеуметтік-экономикалық талдау жөніндегі бөлім;
-бюджетті жоспарлау және түсімдерін бақылау бөлімі;
-мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі («Дипломмен ауылға» жобасы бойынша).
Мекемеге бағынысты мекемелер жоқ.
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында мекеменің қолданыстағы құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талдау жүргізу барысында мекеменің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
мекеменің мемлекеттік қызметшілер саны – 7, нақты саны - 7.
2022 жылдың 01 желтоқсандағы жағдай бойынша бос вакансиялар жоқ.
Талдау кезеңінде 1 уақытша бос орынға мемлекеттік қызметші тағайындалды (бас маман лауазымына).
Ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген ережесіне сәйкес жүргізілді.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Мекеменің барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Мекеме мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ережеге сәйкес Мекемеде рұқсат беру функциялары жоқ.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында Мекемеде бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде Мекемеге жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылы барлығы 1 және 2022 жылдың 11 айында барлығы 8 өтініш келіп түскен.
2021 жылы заңды тұлғалардан – 1 өтініш түсті.
2022 жылдың 11 айында жеке тұлғалардан - 6, заңды тұлғалардан – 2 өтініш келіп түскен.
Мекеменің 2022 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 5 452 750,0 мың теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы – 496 864,5 мың теңге.
Ұсыным:
Талдау жүргізу барысында Мекемеде жасырын қызметті анықтауға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық
қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
ҰСЫНЫМДАР:
Басшысы
Жұмыс тобы мүшелері: ______________
______________
______________
______________
______________