«Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойыншаталдамалық
АНЫҚТАМА
01 желтоқсан 2022 жыл Индербор кенті
Талданатын объект: «Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ (бұдан әрі - бөлім), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев көшесі, №16.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары бөлім басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы»14.02.2022 жылғы №12бұйрығынегізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1)А.Серікқалиева– аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімініңбасшысы;
2)Т.Карашулакова –аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімініңбас маманы;
3)Э.Саркенова – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 1-5 желтоқсан 2022 жыл.
Талданатын кезең: 01.01.2022-01.12.2022 ж.ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Бөлімге бағынысты 2 қоммуналдық мемлекеттік мекемелер бар, олар:
- аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы;
- жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі;
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында қолданыстағы құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талдау жүргізу барысында Аппараттың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны –5, нақты саны - 6.
2022 жылдың 01 желтоқсандағы жағдайы бойынша 1 бас маман есепші бос вакансия бар.
Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан екі бас маман өз еркілерімен жұмыстан босатылса, оның орындарына конкурс жарияланып бір бас маман жұмысқа орналасты.Ал бір бас маман есепшінің орнына орналасуға ниет білдірушілер болмай отыр.
Аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Бөлімніңбарлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде Аппараттың қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
2022 жылдың талдау кезеңінде бөлімде 7956 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 187-і қағаз түрінде, 375-і коорпорация арқылы, 1988-і «электронды үкімет» порталы арқылы, 5406-ы қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша бұзушылықтар болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нақты процестері аталған қағидалармен белгіленген нормаларға сәйкес келеді.
Талдаудың нәтижесінде аталған нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқықтық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.
Ережеге сәйкес бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлім бақылау функцияларын іске асырмайды.
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан барлығы өтініш түсіп, қаралды.
Сондай-ақ, өтініштерді қарастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне шағымдану фактілері болмады.
Өтініштердің басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналастыру, заңды тұлғалардан бағалық ұсынымдарын жолдау туралы мәселелерді құрады, олар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Мекеменің 2022 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес473 077 000 теңге қаражат бөлінген, игерілген сомасы –296 086 056 теңге, игерілмегені 176 991 000 теңге. Жыл аяғына дейін республикалық бюджеттен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке қаралған 106 282 000 теңге алушылар санының кемуінен игерілмейтін қауіпі бар. Нәтижесінде қаржы есебі көрсеткіштерінің сәйкессіздігі анықталды.
Ұсыным: Игерілмейтін қаражаттарды кері бюджетке қайтару үшін аудандық экономика және қаржы бөліміне, облыстық басқармаға ұсыныс хат жолдауға.
Бөлімде жасырын қызмет көрсету фактілері анықталған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында қаржы-шаруашылық қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
ҰСЫНЫМДАР:Игерілмейтін қаражатты кері қайтаруға.
Басшысы
Жұмыс тобы мүшелері: ______________ А.Серікқалиева
______________Т.Карашулакова
______________ Э.Саркенова
______________